2025 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне сұқбат беріп, онда өткен жылдың қорытындылары, ел экономикасындағы, қазақстандықтардың өміріндегі өзгерістер туралы, сондай-ақ Қазақстан экономикасындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі жоспарлары туралы айтты. Президент білім беру саласына ерекше назар аударды. Білім беру инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа орта оқу орындарының, балабақшалар мен спорт ғимараттарының салынатыны қуантарлық жаңалық деп білеміз. Президент өткен жылы біздің елімізде ғылым саласына қатысты көптеген жақсы жаңалықтар болғанын және де ғылымның әлі де қаржыландырылатынын атап өтті. Сонымен қатар Ел Президенті республикамызда шетелдік беделді оқу орындары филиалдарының ашылуы елді қуантар жаңалық екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Президент өткен 2024 жылы елімізде Ұлттық қордан балаларға ақша бөлу және әлеуметтік спортқа басымдық беру сияқты жаңашылдықтың пайда болғанын еске салып өтті.