Тәуелсіз елдің тұңғыш елшілерінің ұстаханасыFarabi University

Тәуелсіз елдің тұңғыш елшілерінің ұстаханасы

5 қаңтар, 2025

Мемлекеттің сыртқы саясат саласында белсенді қыз­мет атқарып жүрген түлектерін мақтаныш санайтын факультет оқу ордасының 90 жылдық мерейтойына да үлкен жетістіктермен келді. 

Таяу күндері елдің саяси өмі­рінде болған маңызды оқи­ға – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ре­сей Федерациясының Пре­зи­­денті В.Путиннің бейнебай­ла­ныс арқылы қатысуымен Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік универ­си­теті базасында Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­верситеті филиалының ресми ашылуы факультет өміріндегі ірі бетбұрыс болды. Себебі уни­верситет ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жүзеге асқан осы жобаның ая­сында факультеттегі «Ха­лық­ара­лық құқық» білім беру бағ­дарламасының филиалда оқы­тылатын үш бағдарламаның бірі ретінде қабылдануы және ары қарай да осы бағдарлама бойынша қосдипломды бағ­дар­ламаның қолға алынуы ерек­ше жаңалық болды.

Тоқсан жылдық қар­саңын­да қолға алынған және толы­ғы­мен аяқталып, студенттер мен оқы­­тушыларға, сырттан ке­ле­тін ресми қонақтарға тар­тым­ды қызмет көрсетіп отыр­ған сырт­қы саясат дәрісханасы – Қа­зақ­стан Республикасының сырт­қы саясаты мен дип­ло­ма­тия­сы орталығы уақыт өл­ше­міне толығымен жауап беретін талаптарға сай жабдықталды. Факультеттің кіреберіс қаба­тын­дағы аллеясында мем­ле­кеттің сыртқы әлеммен бай­ла­нысын «Сындарлы дипломатия ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете­ді» деген Мемлекет бас­шы­сының сөзімен айшықтаған «Қазақстан және халықаралық ұйымдар», сонымен бірге тә­у­ел­­­сіз елдің алғашқы елшілері туралы және басқа да көрнекі ақпарат қабырғалары жасал­ды.

Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары жо­­ғары оқу орындары ара­сын­дағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Харбин политехникалық универ­си­те­ті­мен (Harbin Institute of Technology) жаңаша форматтағы бай­ла­ныс орнатты. Факультет де­каны Ж.Сайрамбаева, ка­фе­­дра меңгерушілері Г.Бай­күшік­ова және К.Алтаева­лар­дың Халықаралық құқық ка­­федрасы жанынан құрылған ха­лықаралық және салыс­тыр­ма­лы құқықтың Қытай – Қазақ­стан бірлескен білім беру және зерттеу орталығы аясында қолға алынып жатқан шаралар үлкен жауапкершілікпен жүзеге асуда.

Оқу ордасының 90 жылдығы аясында профессор Ж.Иб­ра­шев­тің 95 жылдығына арналған «Жаңа геосаяси шындықтағы халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері» атты ха­лықаралық ғылыми-тәжі­ри­бе­лік конференция және V Еур­азия­лық оқулары мен ха­­лық­аралық қатынастар фа­куль­тетінің бірінші деканы Гүл­жаухар Жамбатырованың 80 жылдығына арналған «Әлемдік дамудың жаһандық тренд­тері: шындықтар мен перс­пек­­­ти­ва­лар» атты ха­лық­ара­лық ғы­лы­ми-практикалық кон­­фе­рен­ция­лар ұйым­дас­ты­рылды. Про­фессор Г.Жам­ба­тырова және профессор Ж.Ибрашев атын­дағы дәрісханалар қай­та­дан жабдықталып, жаңар­тыл­ды. Университет мерей­тойы­мен қатар келген профессор Қ.Шәкіровтің 70 жылдық ме­рей­тойына арналған «Қазіргі ке­зеңде халықаралық қа­ты­нас­тарды, халықаралық құқық­ты және әлемдік экономиканы да­мытудың проблемалық мә­се­лелері: ықтимал шешім­дерді іздеу» атты ха­лы­қ­аралық ғы­лы­ми-практикалық кон­фе­рен­ция ұйым­дас­ты­рыл­­ды. Қа­ра ша­ңы­рақ универ­си­те­ті­міздің 90 жыл­дығы ая­сын­дағы іс-шаралар одан әрі жал­ғасуда.

Лаура ТӘҢІРБЕРГЕНҚЫЗЫ,

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, т.ғ.к.