ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлері мемлекеттік наградамен марапатталдыFarabi University

ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлері мемлекеттік наградамен марапатталды

6 қаңтар, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдық мерейтойының ашылу салтанатымен тұспа-тұс келген, Мемлекет басшысының жарлығымен білім мен ғылым саласының дамуына үлес қосып, үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ғалым-ұстаздардың еңбегі еленіп, жоғары марапаттарға ие болды. Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының ғылым ұстаздары э.ғ.к., профессор м.а. З.Б. Ахметова білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен,экономика ғылымдарының PhD докторы Н.А. Товма «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, экономика ғылымдарының докторы, профессор У.К. Шеденов «Фараби» алтын медалімен марапатталды.

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының  ұжымы әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, білім және ғылым саласындағы атқарар еңбектерінің жемісті болуына шын жүректен тілектестік білдіреді.