Олжас БЕКТЕНОВ, Қазақстан Республикасының премьер-министрі: Абыройлы еңбектің жемісіFarabi University

Олжас БЕКТЕНОВ, Қазақстан Республикасының премьер-министрі: Абыройлы еңбектің жемісі

30 желтоқсан, 2024

Құрметті университет ұстаздары мен студенттер қауымы!

Сіздерді тағылымы мол, тарихы терең Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық торқалы то­йы­мен шын жүректен құт­тықтаймын!

Президентіміз Қа­сым- Жомарт Тоқаев білім бе­ру ісіндегі сапа мен тиім­ділікке баса назар ау­­дарып, елімізге ең­бек­қор, әділ және өз ісіне жа­уапты мамандар қа­жет екенін атап көрсетті. Бұл орайда сіздердің қа­жырлы еңбектеріңіз отан­дық білім беру са­ла­сын дамытуға ғана емес, тәуелсіз елге тұтқа бо­лар нағыз патриот, ан­ты­на адал, кәсіби білігі жо­ғары тұлғаларды қа­лып­тас­ты­руға бағытталып отыр.

Осы уақыт ішінде уни­­верситет қабыр­ғасы­нан мыңдаған маман түлеп ұш­ты. Олардың ішінде ұл­тымыздың қаймағы бол­ған қайраткерлер мен көрнекті тұлғалар қан­шама. Мұның бар­лы­ғы ұлағатты іске шынайы берілген сіздердей кә­сі­би ұжымның абыройлы еңбегінің жемісі деп бі­ле­мін.

Университет ұжымы ғы­лыми жаңа­шылды­ғы­мен алдағы уақытта да әлемдік білім кеңіс­ті­гіндегі бәсекеде лайық­ты орын алып, озат ойлы, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу жолындағы ізгі дәстүрді жалғас­ты­ра­ды деп сенемін.

Мерейтой құтты бол­сын! Аса жауапты да мәр­тебелі еңбекте­ріңіз­ге толайым табыс тілей­мін!