
Бұл бағдарлама әр бала болашағының кепілі. Жүйе ата-ананың өз баласы алдындағы негізгі басым міндеттерін іске асыруға, атап айтқанда білікті білім беруге немесе болашақта оның тұрғын үй жағдайларын шешуге мүмкіндік береді. Ата-аналардың жинақтарына бастапқы білім беру капиталы, мемлекет сыйлықақысы, сыйақылар немесе инвестициялық табыс есептелетін болады. Жинақтау жеткілікті болған жағдайда, ата-ана білім алу үшін жоғары оқу орнына немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына қаражат жібере алады. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда жеңілдетілген кредит беру, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша қаражат, ішінара білім беру гранты сияқты мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын алуға мүмкіндік болады. Бұл ретте «Келешек» жүйесіне қатысушылар үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тарапынан оқу ақысына жеңілдіктер берілетін болады.
Бағдарлама бойынша бастапқы білім беру капиталының мөлшері 60 АЕК-ке тең. Бұл капиталды сақтау үшін ата-аналарға жыл сайын кез келген кезеңділікпен, яғни ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда немесе жылына бір рет 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна салу қажет болады. Ең бастысы бір жыл ішінде жыл сайынғы жарна сомасы қамтамасыз етілуі тиіс. Жыл сайынғы жарналардың ең аз сомасы енгізілмеген жағдайда, бастапқы білім беру капиталы қайтарылуға жатады.
“Келешек» бағдарламасының негізгі мақсаты – азаматтардың жоғары білім алуы. Бұл ретте, «Келешек» қатысушыға білім беру гранты берілген немесе дипломы бар жағдайда, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында да пайдалануға болады. «Келешек» жүйесі бойынша жинақталған қаражатты шетелдегі оқу орындарында оқу ақысын төлеуге болады. Сонымен қатар қаражатты жинақтауды жалғастыруға, қаражатты ҚР азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына білім беру жинақтау салымына аударуға болады. Сондай-ақ білім туралы құжатты ұсынған жағдайда білім беру жинақтау салымынан немесе сақтандыру төлемінен жинақталған қаражатты алуға болады. Сонымен бұл бағдарламаға қатысу ұтымды және тиімді.
Балгабекова Р.Н. шетел тілдер кафедрасының аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар

