Білім іздеген жастарға үлкен қамқорлық пен үмітFarabi University

Білім іздеген жастарға үлкен қамқорлық пен үміт

14 қаңтар, 2025

Елімізде жылдан жылға үкімет тарапынан жастарға, оның ішінде білім алушыларға, ғылыммен айналысатын жастарға деген қамқорлық аясы кеңейіп келеді. Биылғы жылы да Білім және ғылым министрі  Нурбек Саясат газет оқырмандарына берген сұхбатында  өткен және биылғы жылы жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттарға, аспиранттарға үкімет тарапынан берілген әлеуметтік көмек, яғни шәкірт ақыны көбейту, жатақханамен қамтамасыз ету, оқу орындарының  техникалық инновациялық ахуалын жақсарту сияқты  білім, ғылым саласында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті. Жалпы елімізде жастарға білім беру  сапасын жақсарту мақсатында әлемдегі танымал бірнеше университеттердің филиалдарын ашу жұмысы, қазіргі заман талабына сай жабдықталған жатақханалар салу, студенттерге білім алуға қолайлы жағдай жасау үшін оқу залдары мен ғимараттарда заманауи үлгідегі компьютерлер орнату, шәкірт ақының айтарлықтай көбеюі жастардың білімге деген құштарлығын, ынтасын арттырары сөзсіз. Бұл үкімет тарапынан ертеңінен ел зор үміт күтетін ел болашағы жастарға жасалып жатқан үлкен қамқорлық. Еліміздің ертеңі тек қазіргідей нарықтық экономика заманында білікті маман, бәсекелестікке төтеп бере алатын білімді, ғылымды жақсы меңгерген кадрларға байланысты және шешуші рөл атқаратынын ескерсек, үкімет тарапынан жасалып жатқан мұндай  қамқорлықты ертеңгі ел болашағы жастарға берілген үлкен мүмкіндікпен қатар, оларға деген ел үміті деп түсінуге болады.

Баймуратова И А. к.ф.н., аға оқытушы.
 Филология факультеті, шетел тілдері кафедрасы.