
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Келешек» жүйесі туралы айтқан мәлімдемесі қазақстандық жастар мен олардың болашағына жасалған маңызды бастамалардың бірі деп ойлаймын. Бұл бағдарлама еліміз үшін өте маңызды және болашағы зор бастама болары анық. Балалардың білім алуына қаржы жинаудың осындай жүйесін енгізу ата-аналарға үлкен көмек. Бұл тек отбасылардың емес, жалпы қоғамның білім деңгейін, сапасын көтеруге ықпал етеді. Ең жақсысы, бұл жүйе арқылы тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де білім алуға қаржы жинауға болады. Мұндай бастамалар халыққа үлкен көмек көрсетіп, балалардың сапалы білім алуына жол ашады. Бағдарлама шетелде оқуға мүмкіндік беру арқылы жастардың әлемдік тәжірибе жинап, озық білім алуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, шетелде білім алған мамандар елге оралып, Қазақстанның дамуына үлес қосатынына сенемін. Бұл тек ата-аналарға ғана емес, бүкіл елдің болашағына жасалған қамқорлық деп айтуға болады, өйткені қоғамда білімге деген маңыздылық артып, әрбір отбасы балаларын оқытуда болашаққа нақты мақсат қойып, жоспарлауына ықпал етеді.
Егер осындай жобалар іске асырылса, болашақта еліміздің білім саласының дамуына оң әсерін тигізіп, бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылатынына сенемін.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы Л.М.Алиярова
Басқа жаңалықтар

