- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Шетелдіктерге тілді оқытуда қолданылатын жаңа әдістер мен тәсілдер" атты семинар-тренинг
"Шетелдіктерге тілді оқытуда қолданылатын жаңа әдістер мен тәсілдер" атты семинар-тренинг
2025 жылы 16 қаңтарда Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А.С. Айтпаева "Шетелдіктерге тілді оқытуда қолданылатын жаңа әдістер мен тәсілдер" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Аталған іс-шара ТДМ-ның 4 бағыты "Жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаға өмір бойы білім алуға мүмкіндік беру " шеңберінде өтті. Семинарда шетелдік студенттерді қазақ және орыс тілдеріне оқытуда цифрлық білім беру технологияларын орынды және тиімді қолдану үшін цифрлық платформа таңдау мәселелері талқыланды. Негізгі мәселе мұғалімдерге мүмкіндіктердің кең спектрімен, жалпыға қол жетімділігімен және функционалдылығымен ерекшеленетін, қысқа мерзімде жасауға мүмкіндік беретін құралды таңдау қажет болды. Семинарда осындай құрал ретінде "Google forms" платформасы ұсынылды - онлайн-нысандарды жасауға арналған тегін қосымша, өйткені ол осы талаптарға жеткілікті түрде жауап береді. Google Forms-те жетілдірілген форма жасаушылардың барлық икемділігі мен мүмкіндіктері болмаса да, ол негізгі функцияларды қамтиды, соның ішінде қысқа жауап, бірнеше таңдау, сызықтық шкала және т.б..функциялар тиімді деп танылды. Тренингте қатысушылар осы платформамен жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулықпен танысты. Семинар жемісті өтті және қатысушыларға пайдалы болды.