«Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік және сапалы білім тармақтары аясында, Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы Н. Қайранбаев қысқы мектеп шеңберінде дәріс оқыдыFarabi University

«Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік және сапалы білім тармақтары аясында, Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы Н. Қайранбаев қысқы мектеп шеңберінде дәріс оқыды

16 қаңтар, 2025

2025 жылғы 8-9 қаңтар аралығында Н. Қайранбаев Түркия Республикасының Газиантеп Ислам білімі және Технология университеті Ислам ғылымдары факультетінің  және Әз-Зеһра университетінің Араб тілі факультетінің студенттеріне «Араб және түріктердің салт-дәстүрлері мен наным-сенімдеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар» тақырыбында дәріс өткізді. Бұл іс-шара Университеттің стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Дәріс барысында студенттер талқыланған тақырыпқа қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, дәріс барысында араб және түрік мәдениеттерінің ерекшеліктеріне терең талдау жасалып, студенттерге екі халықтың тарихы мен дәстүрлері туралы жаңа ақпарат берілді. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың мәдениаралық коммуникация дағдыларын дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.