Факультет жиһаздары жаңартылуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасып, білім ордасы жаңа оқу семестріне дайындалуда. Факультеттерге жаңа үстелдер мен кітап сөрелері қойылды.
Бұл жұмыстар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың тапсырмасымен оқу инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама шеңберінде іске асырылуда. Жиһаз университеттің жеке өндірістік цехында жасалған. Дизайн заманауи стиль мен стандарттарға сәйкес келеді.
Бүгінгі жеткізілген материалдарды демеушісі – «Базис-А» құрылыс компаниясы. Қол жеткізілген уағдаластық негізінде компания оқу корпустарына арналған жиһаз жасау үшін 1000 дана (немесе 5000 м2) көлемінде ЛБТ материалдарын тегін ұсынды.
Цех шеберлері жаңа үстелдер мен кітап сөрелерін жасады. Онда 175 кітап сөресі және 170 үстел бар. Дайын жиһаз факультеттерге таратылып, оқу ғимараттарына орнатылды.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі