Аяулым Әміренова - Универсиаданың күміс жүлдегері
15 қаңтар 2025
ХХХІІ Дүниежүзілік Қысқы Универсиада 2025. Италия. Турин. 2025 жылғы 13-23 қаңтар.
Аяулым Әміренова - Универсиаданың күміс жүлдегері.
Әйел фристайл-могулдың финалдық жарысында Қазақстаннан келген екі спортшы қатысып, медальдарды өзара бөлісті. Анастасия Городко осы ойындарда Қазақстанның қоржынына екінші алтын әкелді. Аяулым Әміренова Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.
Аяулым Әміренова-медицина және денсаулық сақтау факультетінің "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 1 курс докторанты. Фристайл бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының құрамына кіреді, могул пәніне маманданған.
Аяулым-2018 және 2022 жылдардағы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2017 жылғы Еуропа кубогы кезеңінің алтын, қола, күміс жүлдегері атанды. 2018 жылы могулдағы Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысты.
2025 жылдың қаңтарында Туриндегі 2025 Қысқы Универсиадасында "күмісті" жеңіп алды.
Спорт клубы құттықтайды!