ҚазҰУ-дың ішкі бақылау қызметкерлері жаңа үлгідегі арнайы киімдермен қамтамасыз етілді

17 қаңтар, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен университеттің ішкі бақылау қызметкерлері жаңа үлгідегі арнайы киімдермен қамтамасыз етілді. Арнайы қызметтік киім қызметкерлердің кәсіби имиджін арттырып қана қоймай, олардың жұмыс барысында ыңғайлы әрі қауіпсіз болуына ықпал етеді.

Жаңа үлгідегі киімдер қатарында қыстық бушлат-шалбар, тоқылған бас киім, қыстық аяқкиім және жылы мезгілге арналған жаздық костюм-шалбар мен бас киім және футболкалар бар. Жалпы саны 507-ні құрайтын жаңа үлгідегі киімдер сапалы әрі түрлі ауа райы жағдайларына төзімді заманауи материалдардан жасалған.  .

Қызметкерлердің күнделікті жұмысын жеңілдететін арнайы киімдер ерекше үлгіде тігілген. Киім үлгісінде бақылау қызметкерін оңай тануға мүмкіндік беретін фирмалық түстер мен логотиптер пайдаланылған. Бұл қауіпсіздік саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын күшейтуге бағытталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі