Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің оқытушыларға арналған қысқы әдістемелік семинарFarabi University

Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің оқытушыларға арналған қысқы әдістемелік семинар

20 қаңтар, 2025

2025 жылғы 14-17 қаңтар аралығында ЭжБЖМ конференц залында оқытушыларға арналған қысқы әдістемелік семинар өтті, оған барлық кафедралардың оқытушылары қатысты. Семинар педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру және білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу мақсатында ұйымдастырылды.

Әдістемелік семинарлар-бұл оқытушылардың көкжиегін кеңейту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар факультеттегі білім сапасын едәуір арттыратын оқу үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізумүмкіндігі.

Семинар бағдарламасы өзекті тақырыптар бойынша дәрістер мен мастер-класстардықамтыды, мысалы: тестілік емтихан тапсырмаларын құрастыру әдістемесі, оқу жәнежазу арқылы сыни ойлауды дамыту стратегиялары, білім беру процесін трансформациялау құралыретінде ғылыми зерттеулер, оқыту нәтижелерін бағалау жүйесі, практикалық сабақтарды өткізудіңбелсенді әдістері, ЖОО-да дәрістер мен семинар сабақтарын өткізу әдістемесі.

Білім берудегі инновациялық әдістемелер мәселелеріне және интерактивті оқыту жүйесінің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.

Семинар спикерлері, Б. З. Нұрманова, А.К. Бекметова, Ж. С. Темербулатова, А. А. Адамбекова, А. А. Аскеров, Б. Б. Сұлтанова, Н. Х. Маулина, Д. О. Оңалтаев өз тәжірибелерімен және білімдеріменбөлісті, бұл тыңдаушылардың қызығушылығы мен белсенді қатысуын тудырды, сондай-ақ білім беру үдерісіндегі жаңа үрдістерді талқылады.

Қысқы әдістемелік семинарға қатысушыларпедагогикалық практиканың өзекті мәселелерінталқылау үшін пайдалы әрі қызықты алаңға айналғандығын және семинар өткізгені үшінфакультеттің Білім беру және оқыту сапасы бойынша Академиялық комитетіне алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, білім беру сапасын арттыружәне кәсіби өсу үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

ЭжБЖМ семинарлар, тренингтер мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыра отырып, білім беру сапасын жақсарту және оқытушылардың кәсібибіліктілігін арттыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.