- Басты бет
- Қазақстан халқы Ассамблеясы
- ТДМ №4: «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және маңызы» тақырыбында ашық дәріс өтті
ТДМ №4: «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және маңызы» тақырыбында ашық дәріс өтті
Оқу ордамыздың География және табиғатты пайдалану факультеті «Рекреациялық география және туризм» кафедрасы 2024 жылдың 21 қазан күні «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және маңызы» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Дәрісте ҚХА-ның құрылу тарихы, оның негізгі міндеттері мен бағыттары жайлы баяндалды. Кафедра оқытушысы Қазақстанның этносаралық қатынастарды реттеудегі табысты тәжірибесін ерекше атап өтіп, оның халықаралық аренада да жоғары бағаланатынын айтты. Ассамблеяның қызметі Қазақстандағы әртүрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау, азаматтық бірегейлікті нығайту, сондай-ақ елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке негізделген қоғам құру бағытында үлкен үлес қосатынына тоқталды. Сонымен қатар, студенттерге Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын іс-шаралар мен жобаларға қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
Ашық дәріс интерактивті форматта өтіп, студенттер өз ойларымен бөлісті. Олардың көпшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының елдегі тұрақтылық пен әлеуметтік келісімнің негізін құрайтынын атап өтті. Іс-шара жастар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) рөлі мен оның тарихи маңызы туралы ақпарат беруді, ол жайлы түсінікті тереңдетіп, елдің дамуындағы оның стратегиялық маңызына назар аударту мақсатында ұйымдастырылды.