- Басты бет
- Қазақстан халқы Ассамблеясы
- ТДМ №4: «Бірлік әр түрлілікте: Адамзаттың ортақ мақсаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
ТДМ №4: «Бірлік әр түрлілікте: Адамзаттың ортақ мақсаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Университетімізде 2024 жылдың 18 қараша күні «Бірлік әр түрлілікте: Адамзаттың ортақ мақсаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға университетімізде білім алатын әртүрлі ұлт өкілді студенттер, сондай-ақ ҚазҰУ доценті, жазушы Қайрат Жанабаев қонақ ретінде қатысты.. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты — жаһандану контекстінде мәдени және тілдік әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығы мен халықтар арасындағы үйлесімділікке жету жолдарын талқылау болды.
Жазушы Қайрат Жанабаев негізгі баяндамасында мәдени және тілдік әртүрлілік — бұл тек адамзаттың құнды мұрасы ғана емес, сонымен қатар өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудың құралы екенін атап өтті. Ол өз сөзінде көпұлтты диалог мысалдарын келтіріп, осы процестегі білімнің рөлін ерекше атады.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар ұлттық дәстүрлер мен тілдерді сақтау тәжірибесімен бөлісіп, көпұлтты қоғамдар кездесетін қиындықтарды талқылады. Мәдени айырмашылықтарға құрметпен қараудың мықты бірлікті құрудағы маңызына ерекше назар аударды.