ҚазҰУ халықаралық рейтингте жаңа жетістіктерге жетті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Times Higher Education by Subject пәндік рейтингінде алғаш рет «Білім беру» бағыты бойынша 501-600 орында тұрған университеттер қатарына қосылды. Аталған нәтиже оқу ордасының білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерінің жоғары сапасын көрсетеді.
Сондай-ақ ҚазҰУ «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағытында 501-600 орынға, «Әлеуметтік ғылымдар» бойынша 601-800 орынға орналасты. Бұл жетістік университеттің халықаралық интеграцияға және жоғары академиялық білім деңгейіне деген ұмтылысын дәлелдейді.
Бұған қоса, білім ордасы «Бизнес және экономика», «Медицина» пәндері бойынша 601-800 орындағы өз позициясын сәтті сақтап, «Өмір ғылымдары» бағытында 801-1000 орынға көтерілді. Аталған көрсеткіш ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламаларының тұрақтылығы мен сапасын айқындайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымын жаңа жетістігімен құттықтаймыз!
Рейтинг нәтижесін https://www.timeshighereducation.com/world-university-rankings/by-subject сайтынан көре аласыздар.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі