"Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" – үздік білім беру бағдарламасыFarabi University

"Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" – үздік білім беру бағдарламасы

21 қаңтар, 2025

"Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" –  үздік білім беру бағдарламасы

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингі нәтижесінде “Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері” бағдарламасы 1-орынды иеленді!

Бұл жетістік – кафедра оқытушыларының, студенттерінің және серіктестеріміздің қажырлы еңбегінің жемісі. Мамандарды даярлаудың және ғылыми зерттеулердің жоғары сапасы тағы бір мәрте дәлелденді. Цифрлық қауіпсіздік саласының заманауи талаптарына сай оқу үдерісінің қауіпсіздігі жақсартыла отырып, одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғасады.

Осы маңызды жетістігіміз үшін барлық әріптестерімізге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!