ASIIN аккредитациясы барысында жоғары кәсібилік танытқаны үшін алғыс білдіру
ASIIN аккредитациясы барысында жоғары кәсібилік танытқаны үшін алғыс білдіреміз!
ASIIN аккредитациясы кезінде "D" кластері бойынша бас координатор ретінде жоғары жауапкершілікпен және біліктілікпен жұмыс атқарғаны үшін Бекетова Айманға кафедра атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Оның қажырлы еңбегі, ұйымдастырушылық қабілеті және стратегиялық көзқарасы аккредитация процесінің сәтті өтуіне айтарлықтай үлес қосты.
Бұл жетістік – тек жеке табыс қана емес, сонымен қатар біздің кафедраның кәсібилігін, сапалы білім беру стандарттарына сай жұмыс жасай алатындығымызды көрсететін маңызды нәтиже.
Кафедра ұжымы оның осы еңбегін жоғары бағалай отырып, болашақта да табысқа жете беруіне тілектестік білдіреді және алдағы жұмыстарда жаңа белестерді бағындыруына сенім білдіреді!