ТДМ-4: Ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімге арналған кураторлық сағат өттіFarabi University

ТДМ-4: Ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімге арналған кураторлық сағат өтті

20 қараша, 2024

2024 жылғы 20 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде маңызды тәрбиелік шара – кураторлық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара Түркітану мамандығының 3-курсында білім алып жатқан түркімен студенттерімен өткізілді. Кураторлық сағаттың модераторы – осы топтың эдвайзері, аға оқытушы Бүркітбаева Шынарай.

Кураторлық сағат «Ұлттық бірегейлік», «Қоғамдық келісімнің мәні мен маңызы» және «Қазақстан – көп ұлтты мемлекет» деген тақырыптарды қамтыдыү

Іс-шара барысында студенттер ұлттық құндылықтар мен бірегейлік, көпұлтты қоғамдағы бейбіт қатар өмір сүру, өзара сыйластық, қоғамдық келісім сияқты ұғымдар жөнінде ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен еліміздегі этносаралық келісімді сақтау жолындағы мемлекеттік саясат туралы ақпараттар ұсынылды.

Кураторлық сағат шетелден келген жастардың Қазақстан қоғамына тереңірек бейімделуіне, ұлттық мәдениетті түсініп, құрметтеуге ықпал етіп, рухани-патриоттық тәрбие беру бағытында маңызды мәнге ие болды.