Алматы ақшамы

19 желтоқсан, 2015

Ұлы дала елінің ұлы көшбасшысы

«Басшысы болмаса, ел жетім» демей ме, еліміздің осындай жағдайға жетуіне себепкер адам болса ол, әрине, Елбасымыздың арқасы. Ел үшін аянбай еңбек еткен - ел Президентінің кұрметіне бүкіл халық болып мақұлдап, Тұңғыш Президент күні етіп бекіткен еді. Әрине, халқымызды жарқын болашақка жетелеген Елбасына қанша атақ беріп, қанша мадақ-мақтау айтсақ та артық болмас.

Осы мерекелік күнге орай, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің 1,2 және 15-топ тыңдаушыларының ұйымдастыруымен «Балалық шағымның аспаны» атты мерекелік шара өтті. Ашық тәрбие сағатының аясында алыс-жақын шет елден келген қандас бауырларымыз Елбасының өткеніне көз жүгіртті. Елге сіңірген ерен енбектерімен танысып, халқымыздың жеткен жетістіктеріне мақтана жыр оқып, өздерінің де туындыларын арнады. Елге сағынышпен оралған бауырларымыздың жанарынан сағынышпен қатар, қазақтың өткенімен-бүгініне деген қызығушылықпен, болашағына деген сенімділік байқалады. Тәрбие сағатының жоспары бойынша Президентіміздің өмірінен сыр шертетін деректі фильм көрсетіліп, елге енді келген жастарға ұлы дала елінің - дана басшысының ұлағатқа толы ғұмыры жарқын түрде дәріптелді.

Ел іргесі бекіп, тыныштық орнағалы, жерімізге қиын-қыстау күнде тарыдай шашылып кеткен халқымыздың басы бүгінде көк тудың астына жиналды. Елім, жерім деп іздеп келер ұрпақ барда Қазақ елі мәңгі жасай бермек. «Қазақтың бұл әлемде бір ғана Отаны бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан», - десе, Тәуелсіздігіміз баянды болып, халқым деген, елім деген Елбасымыздай ерлер көбейсін. Нұрлы жолмен, Нұрлы болашаққа бастаған Президентіміздің ғұмыры ұзақ болсын!

М.ӘМІРОВА, А.БЕГАЛИЕВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ғa дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары.