Біздің студент Хоф университетіндегі ғылыми семинарда каф ЖИжBD
4курс «Деректер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының студенті Әбдіхан Жармахан Берікұлы 2025 жылдың 16-22 қаңтары аралығында Германияның Хоф университетінде өткен ғылыми семинарға қатысып қайтты.
Семинар барысында деректерді талдау, машинамен оқыту және заманауи технологияларды ғылымда қолдану мәселелері талқыланды. Әбдіхан Жармахан Берікұлы тек талқылаулар мен практикалық сабақтарға белсенді қатысып қана қоймай, сонымен қатар өзінің ғылыми жобасын таныстырып, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Мұндай іс-шаралар біздің студенттерге халықаралық тәжірибе жинақтауға, кәсіби дағдыларын дамытуға және жетекші ғалымдар мен мамандармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Жармаханды осы жетістігімен құттықтап, ғылымда жаңа табыстар тілейміз!