«Жасанды интеллект: игілік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбындағы дөңгелек үстелFarabi University

«Жасанды интеллект: игілік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбындағы дөңгелек үстел

16 қаңтар, 2025

«Жасанды интеллект: игілік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2025 жылдың 16 қаңтарында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект: игілік пе, әлде қауіп пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының адам өмірі мен қоғамның әртүрлі салаларына әсерін жан-жақты талқылау, оның ықтимал тәуекелдері мен артықшылықтарын анықтау, сондай-ақ ЖИ-ді қауіпсіз әрі тиімді енгізу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу болды.

Дөңгелек үстел барысында Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Мансурова Мадина Есимхановна «Қазақ тіліндегі жасанды интеллект: модельдер әзірлеу мен интерактивті теңшеудің жаңа көкжиектері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Бұл шара жасанды интеллекттің заманауи даму мәселелері мен оның болашақтағы ықпалына қызығушылық танытқан ғалымдар, сарапшылар мен студенттер үшін ерекше маңызды пікірталас алаңы болды.