Алматы ақшамы

19 желтоқсан, 2015

Мәңгілік елдің маңызды құжаты!

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы елдің бірлігін, ынтымағын арттыру бағытындағы маңызды құжат! Тәуелсіздік алғаннан бері егеменді елдің іргетасы берік қаланды.

Бұл құжат - Мәңгілік елге жол тартатын ұлы реформалардың жалғасы. Жолдаудың түпкі көздегені - Мәңгілік ел идеясын ілгері ұластыру. Жолдауда «Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік ел ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз» деп, бүгінгі ахуал елдігімізді танытатынын айғақтап, болашаққа нық сенім артты.

Сонымен қатар, бұл ахуал, ақиқаты бізді де айналып өтпес жаһандық дағдарысқа қарсы тұрып, дес бермей ілгері дамудың жолын бағыттайды. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ басқанымызды аян етеді. «Біріміз - бәріміз үшін, бәріміз - біріміз үшін» деген қағиданы ұстансақ, алынбас қамал, аспас асу жоқтығын, онда қазіргіден де биік табысқа жетіп, өрге өрпейтінімізге шек тудырмайды. Әрине, бұл жаһандық дағдарысты жеңуге бекем бел буып, Мәңгілік елге бет бұрудағы жарқын бастау. Мәңгілік ел болсақ, Тәуелсіздігіміз де мәңгілік болары аян. Ұлт Көшбасшысының да көздеген мақсаты осы! Одан әрі Жолдауда бес бағыт бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңартуды жарқын жолға қоюды қарастырады. Мәселен, қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру мен жаңа инвестициялық саясаттың негіздері және жаңа әлеуметтік саясатты халыққа ұғындыра келе Елбасының «Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба -«Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын» дегені Жолдауда білімге ерекше назар бөлгенінің нақты дәлелі.

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ұлттық тәлім-тәрбиені студенттер санасына сіңіру, ұлттың рухани жаңаруын ғылыми негізде жандандыру, «Мәңгілік Ел» идеясын игілікке ұластыру өзіндік өресін тапқанын мақтан тұтамыз.

М.НЕГІЗБАЕВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің доценті. "Times New Roman","serif"'>– Кеңестер Одағы тарқап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Елбасының салиқалы саясатымен бүгінгі жетістіктерге жетіп отырмыз. Тәуелсіздік – қазақ халқының шын ниеті мен пейіліне берілген сый. Өйткені, 1937 жылы жер ауып келген басқа ұлттарды құшақ жая қарсы алдық. Нанымызды бөлісіп жедік. Ендігі мақсатымыз – татулықты сақтау. Көрші елдермен тату-тәтті өмір сүрудеміз. Соны әрдайым қадірлей білуге тиіспіз. Біздің тарихымыз терең, салт-дәстүріміз салиқалы. Сырттан келетін идеологияларды тарихымыз бен салт-дәстүрімізді тану арқылы жоюға болады. Қазір жат ағымдардың жетегіне ерген жастар көп. Солардың санасына өз болмысымызды терең сіңіре алмаудамыз. Мысалы, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы дейміз, сол секілді Төле, Қазыбек, Әйтекелердің Қазақ елінің дамуына қосқан үлесіне, дала заңдарына жас ұрпақ толық қанығуы қажет. Одан бері де түрлі тарихи оқиғалар орын алды. Солардың бірі – Желтоқсан оқиғасы. Яғни, 70 жыл бодандықта болған халқымыздың рухы оянған күн. Оның маңызын жас ұрпақ жадынан өшірмесек қыршын кеткен боздақтар алдындағы парызымызды өтеген болар едік.

– Уақыт тауып ой бөліскеніңізге үлкен рақмет.