Фудан Университетінің Өкілдерімен Кездесу «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының студенттері, магистранттары және оқытушылары үшін ерекше кездесу өтті.Farabi University

Фудан Университетінің Өкілдерімен Кездесу «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының студенттері, магистранттары және оқытушылары үшін ерекше кездесу өтті.

23 қаңтар, 2025

Фудан Университетінің Өкілдерімен Кездесу

«Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының студенттері, магистранттары және оқытушылары үшін ерекше кездесу өтті.

Қонақтар:

  1. Лу Сяолин (Lu Xiao Ling)

    • Фудан Чжанцзян институты деканының орынбасары
    • Шанхай-Қазақстан трансшекаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының директоры
    • Фудан университетінің ғылыми инновациялық технопарк директоры
  2. Цинь Бифан (Qing Bi Fang)

    • Шанхай-Қазақстан трансшекаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының жоба жетекшісі
    • Фудан университетінің ғылыми инновациялық технопарк директор орынбасары

Кездесу барысында Фудан университетіне магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу тәртібі туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға Қытайдың жетекші оқу орнына құжаттарды қалай дұрыс дайындау керектігі және тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы зерттеулердің маңызы түсіндірілді.

Семинардан кейін магистранттар, студенттер және оқытушылар құжаттарын жинақтап, анкета толтыруға кірісті. Университетке түсуге арналған тест көктемде өтеді деп жоспарлануда.

Бұл мүмкіндік – халықаралық деңгейде білім алуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен қадам!