- Басты бет
- Қазақстан халқы Ассамблеясы
- ТДМ №4: «Ұлтаралық диалогтың Қазақстандағы жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
ТДМ №4: «Ұлтаралық диалогтың Қазақстандағы жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Университетімізде География және табиғатты пайдалану факультеті «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы 2024 жылдың 23 қазан күні алдағы 25 қазан – Республика күніне орай «Ұлтаралық диалогтың Қазақстандағы жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
Дөңгелек үстелдің алғашқы бөлігінде студенттер ұлтаралық диалогтың мәні мен қажеттілігіне тоқталды. Олар еліміздегі көпэтносты қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мәдени алмасу мен түсіністіктің маңыздылығын атап өтті. Келесі кезеңде этникалық топтардың мәдениетін, дәстүрлерін және олардың бір-біріне әсерін талқылау үшін пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған идеялармен бөлісті.
Бұл дөңгелек үстелде «Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар моделі» және «Мемлекеттік бағдарламалардың этносаралық диалогты нығайтудағы рөлі» тақырыбында 2 баяндама жасалды. Баяндамаларда елдің этносаралық келісімді сақтау тәжірибесі мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысы талқыланды. Сондай-ақ студенттер ұлттық мәдениеттерді сақтау және дамыту мысалдарын келтіріп, жастар арасындағы толеранттылықты арттыру шараларын ұсынды.
Шараға қатысушылар «Ұлтаралық диалогтың заманауи сын-қатерлер жағдайындағы маңызы», «Білім беру саласының ұлтаралық түсіністікті нығайтудағы рөлі», «Жастар арасындағы толеранттылықты дамыту құралдары» тақырыптарында өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар өз тараптарынан «Этномәдени бірлестіктердің рөлін күшейту», «Әр түрлі этностар арасындағы өзара түсіністікті дамытуға бағытталған интерактивті платформалар құру», «Университет деңгейінде этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған қосымша курстар ұйымдастыру» сынды идеяларымен де бөлісті. Оған қоса тәжірибеде жүзеге асыруға болатын «Этносаралық диалогты нығайтуға бағытталған жобаларды жастар арасында кеңінен насихаттау», «Әлеуметтік желілерде ұлтаралық келісім құндылықтарын дәріптеу» «Ұлттық мәдениеттерді дәріптейтін шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру» деген идеяларын ортақ талқылады.