- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Сапалы білім» ТДМ аясында парсы тілінің келесі республикалық білім жетілдіру курсы басталды
«Сапалы білім» ТДМ аясында парсы тілінің келесі республикалық білім жетілдіру курсы басталды
29 қаңтар, 2025

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім» тармағы аясында «Парсы тіліндегі мәтінді редакциялау» тақырыбымен 2024 жылдың 21 қазанында басталған республикалық парсы тілінің онлайн білім жетілдіру курсы аяқталды. Курсты кафедраның Иран Ислам Республикасының Рафсанджан қаласындағы Вали Аср университетінен келген ерікті ұстазы, филосфия докторы (PhD), көне иран тілдері мен мәдениетінің білікті маманы Фахима Шакиба ханым жүргізді. 27 қаңтарда «Парсыша жазу мен аударудың жетілдірілген дағдылары» тақырыбындағы парсы тілінің келесі республикалық онлайн білім жетілдіру курсы өз жұмысын бастады. Курсқа оқытушылар, магистранттар, докторанттар және парсы тілін меңгерген әртүрлі салада жұмыс істейтін мамандар қатысады. Курс соңында сертификат беріледі.
Басқа жаңалықтар

15 сәуір, 2025

15 сәуір, 2025

14 сәуір, 2025