- Басты бет
- Қазақстан халқы Ассамблеясы
- ТДМ №4: 25 қазан – Республика күніне орай «Атамекенге қош келдіңіз!» атты мерекелік шара өтті
ТДМ №4: 25 қазан – Республика күніне орай «Атамекенге қош келдіңіз!» атты мерекелік шара өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде 25 қазан – Республика күніне орай шетелден білім алуға келген қандас студенттерге арналған «Атамекенге қош келдіңіз!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – елге оралған жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Республика күнінің мән-маңызын дәріптеу болды.
Шара барысында факультет студенттері мен оқытушылары көркемсөз оқу, патриоттық әндер орындау және ұлттық би арқылы өз өнерлерін ортаға салып, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ Қазақстан тарихына қатысты танымдық ақпараттар ұсынылып, Республика күні туралы бейнеролик көрсетілді.
Кеш соңында факультет басшылығы қатысушы қандас жастарға жүрекжарды тілектерін білдіріп, олардың елге тез бейімделіп, сапалы білім алып, білікті маман болып қалыптасуына сәттілік тіледі.
Мерекелік кеш рухани-патриоттық тәрбие мен ұлттық бірлікті нығайтатын тағылымды шара ретінде жоғары деңгейде өтті.
Басқа жаңалықтар
