ТМД №4: «Әртүрліліктегі бірлік – Қазақстанның болашағы» тақырыбында кураторлық сағат өттіFarabi University

ТМД №4: «Әртүрліліктегі бірлік – Қазақстанның болашағы» тақырыбында кураторлық сағат өтті

19 қараша, 2024

География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы, PhD, куротор-эдвайзері С.Т. Қалдыбаева «6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 2-курс студенттерімен «Әртүрліліктегі бірлік – Қазақстанның болашағы» тақырыбында кураторлық сағат өткізіп,   әртүрліліктің бірлікке қалай ықпал ететіндігін талқылады.

Аталған эдвайзерлік сағатта топтың куротор-эдвайзері еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында екендігіне тоқтала отырып,  қай заманда болмасын, қоғамның қозғаушы күші – жастар екендігін баса айтты. Сонымен бірге осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деп айтқан сөзін тілге тиек етті. Еліміздің болашағы –  жастардың қолында» деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайтын түрлі мысалдар келтірді, соның ішінде атап айтсақ,  Президенттің бастамасымен қазақстандық жастарға қамқорлық көрсету, оларды түрлі теріс бағыттардан қорғау, жастардың озық идеяларын жүзеге асыру мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданып, нақты істер қолға алынғандығы, «Жастарды нашақорлықтан және есірткі биззнесінен қорғау», «Террорлық әрекеттердің алдын алу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру», «Жастарды жұмыспен қамту мақсатында жаңа жұмыс орындарын ашу», сондай-ақ, әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан білім алушыларға білім грантын белу секілді аса маңызды мәселелерге ерекше мән берілгендігі айтылды.