Тәуелсіздік күніне арналған жыр мүшәйрасы
2015 жылы 8 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультеті, қазақ тіл білімі кафедрасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихы терең тәуелсіз ел!» атты республикалық жыр мүшәйрасын өткізді.
Республикалық жыр мүшәйрасы ҚР әнұранымен ашылып, «Қазыбектің жоңғар ханын жеңуі» атты сахналық қойылыммен жалғасты. Кеш барысында қазақ тарихын дәріптейтін слайдтар мен видео роликтер көрсетілді.
Университеттік «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ұйымдастырылған азаматтық-патриоттық тақырыптағы республикалық жыр мүшәйрасына Қазақстанның әр өңірінен жас ақындар қатысты. Атап айтар болсақ, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті Қанжаралы Тимур және Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Нысанбек Күләш, Алматы қаласы Шет тілдер іскери карьера университетінің 2-курс студенті Жақсылық Мұратбек, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 3-курс студенті Үсенов Нұрболатжүрек жарды жыр шумақтарын арнады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің 4-курс студентті Нысанбек Сәуле, «Ана тілім алашымның айбыны» жыр мүшәйрасының жүлдегері, факультетіміздің 3-курс студенті Жұмағұлов Жандарбек, факультетіміздің 2-курс студентіБірлесбек Саягүл,факультетіміздің 1-курс студенттеріДүйсенов Еділбек, Абдуразакова Ұлжалғас, Сман Жансая, Иса Альвира, Мұханбетқали Аружан және басқаларықазақ тарихын жырға қосып, аламан бәйгеге қатысты.
Университетіміздің тәрбие жұмысы жөніндегі департамент қызметкері, факультетіміздің түлегі, ақын Ақан Марғұлан, Ұлт.kz порталының редакторы, Шабыт фестивалінің лауреаты, факультетіміздің түлегі, ақын Талап Шерхан жәнеҰлт.kz порталының тілшісі, Шабыт фестивалінің лауреаты, факультетіміздің түлегі, ақын Исламғалиев Айболақындардың өлең-шумақтарын саралап, әділ бағасын берді.
Қазақ елінің тарихын қадірлеуге, туған жерін құрметтеуге тәрбиелейтін бұл патриоттық іс-шараны қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенттері мен куратор-эдвайзерлер Ж.Саткенова, Л.Әлімтаева, Т.Меркібаевтарұйымдастырды.
Мүшәйраның бас жүлдесіне – «Қазақ тіл білімі кафедрасының шәкіртақысы»тағайындалды. Бас жүлдені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студентті Жұмағұлов Жандарбек жеңіп алды.
Жыр мүшәйрасының 1-орын жүлдесін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті Дүйсенов Еділбек иеленді,2-орын жүлдесінәл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің 4-курс студентті Нысанбек Сәуле мен Алматы қаласы Шет тілдер іскери карьера университетінің 2-курс студенті Жақсылық Мұратбек бөлісті.
Жыр мүшәйрасының 3-орын жүлдесінәл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс студентті Бірлесбек Саягүл,Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті Қанжаралы Тимур және Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Нысанбек Күләш иеленді.
Жыр мүшәйрасына қатысқан«Сөзге шебер ақын»номинациясымен Иса Альвира, «Ұлтжанды ақын» номинациясымен Аружан Мұханбетқали, «Жыр жанашыры» номинациясымен Сман Жансая және Ұлжалғас Абдуразакова марапатталды.
Қазақ тіл білімі кафедрасының
оқытушылары Ж.Саткенова,
Л.Әлімтаева, Т.Меркібаев.