- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Мо Ян шығармаларындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы» тақырыбында («Қызыл гаолян», «Шараб елі» шығармаларын талдау негізінде) дөңгелек үстел
«Мо Ян шығармаларындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы» тақырыбында («Қызыл гаолян», «Шараб елі» шығармаларын талдау негізінде) дөңгелек үстел
2015 жылдың 11 желтоқсанында 503 дәрісханада сағат 15.00 де Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценті А.Кенжебаеваның ұйымдастыруымен және « Шетел филологиясы», « Аударма ісі» бөлімі 1,2 суденттерінің қатысуымен «100 кітап» жобасының негізінде белді қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янның шығармаларын талқылауға арналған дөңгелек стол өтті.
Шараның мақсаты: Қытай әдебиетіндегі көркем шығармалардағы типтік образдарды қолданудағы жазушы тілінің көркемдік ерекшелігі, өзіндік портрет жасаудағы шеберлігін қарастыра отырып зерттеу.
«Мо Ян шығармаларындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы» тақырыбындағы («Қызыл гаолян», «Шараб елі» шығармаларын талдау негізінде) дөңгелек үстел жұмысы қызу пікірталас түрінде өтті. Аталмыш дөңгелек үстелді ұйымдастырушы доцентА.Кенжебаева интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдана отырып жазушының «Қызыл гаолян» («Hong gaoliang jiazu», 1987) романының көркемдік ерекшелігіне талдау жасап, шығарма тақырыбы мен поблематикасын ашып көрсетті. Сондай-ақ 2 курс магистранты Ықыласова Аягүл Мо Ян шығармаларының жетістіктерін айқындап берсе, 1 курс магистранты Байдәулетова Назира Мо Янның «Қызыл гаолян» атты шығарма оқиғасының түйінді мәселесі жайында қысқаша хабарлама жасап өтті. Аталған іс-шараға ат салысқан кафедра оқытушылары (Досымбекова Р., Шәріпқазы ), магистранттар (Есболат Таңнұр, Балтабекова Дана, Елемес Зубираш, Есболат Шынар, Ушурова Шырын, Баасансурен Чулунбааттар т.б.) пікірталастанде тысқары қалмады. талқылау жұмыстарына белсене қатысты. Бұл дөңгелек үстел қазіргі таңдағы қытай әдебиетіндегі модернистік бағыттың кеңінен қанат жаюы, Мо Ян шығармашылығының эволюциясы, сюрреалистік сарындарды талдауға қатысты мол ақпарат, тың мағлұматтар берген іс-шара болды.