Айқын

23 желтоқсан, 2015

ҚазҰУ-да «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «81 теңгелік түскі ас» қайырымдылық акциясы өтті.
«Бұл шара ҚазҰУ-дың 75 жылдығынан бастау алған. Алтыншы рет өткізіліп отырған акцияға 2000-нан аса студенттер келді. Акция аясында студенттерге бәліш, алма, компот, салат, ірімшік және ыстық тамақ берілді. Биыл ҚазҰУ-дың 81 жылдығы болғандықтан да осындай баға белгіленді» дейді шараның ұйымдастырушысы әрі «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы Айдана Сыдықова.
«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының белсенділері аталмыш шараны «Ай-Тұмар» тамақтандыру комбинатында өткізді. Та­мақтандыру орталығының директоры Сара Шаяхметқызы «Бүгінгі акция­ны ұйымдастырған «Сұңқар» кәсіподағының орны ерекше. Жастар арзан, бірақ дәмді, құнарлы тағамдармен тамақтанды. Дұрыс тамақтану салтын сақтауға қосып жатқан үлесіміз. Біз де тамақтың дәмді болуына барынша күш салып жатырмыз» деді өз сөзінде.
Шараның басты мақсаты – «Сұңқар» қоғамдық бірлестігі үнемі ескеріп отыратын ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқық­тық мүдделерін, еңбек құқығы мен денсаулығын қорғау. Жиналған қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.
Шара аясында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әртүрлі ойын ойнатылып, дәмді әрі тамаша кештен студенттер қимай-қимай тарасты. Қызықты бағдарламаларға белсене араласқандарға, жүл­делі орындар мен сыйлықтар табысталды.
http://aikyn.kz/ru/news/show/18347-_81_te_gel_k_t_sk_as_