ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ DIGITAL ALMATY 2025 ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫFarabi University

ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ DIGITAL ALMATY 2025 ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

31 қаңтар, 2025

Халықаралық шараға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения үкіметінің басшылары, ІТ саласындағы сарапшылар мен белгілі ғалымдар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері жиналды.

Алаңда AI-дің экономикаға, өнеркәсіптік экожүйелерге, медицинаға, білімге және басқа да салаларға интеграциясы және инновациялық даму перспективалары мәселелері көтерілді.       Жиында цифрландырудың негізгі жобалары, жасанды интеллектіні қоғамның әр саласына енгізу  және технологиялық даму тақырыбы талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев  Digital Almaty 2025 форумының секция жұмысына қатысты.

Секция отырысы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен өтті. Іс-шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасап, жоғары білім мен ғылым және жасанды интеллект саласы бойынша атқаралып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Сондай-ақ басқосуда халықаралық сарапшылар да ІТ саласын дамыту бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі