ҚАЗҰУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ «DIGITAL ALMATY 2025» КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫFarabi University

ҚАЗҰУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ «DIGITAL ALMATY 2025» КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

1 ақпан, 2025

Келушілер назарына Германияның «KUKA» компаниясында жасалған роботтар көрсетіліп, негізгі атқаратын жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Айта кетейік Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында оқу ордасының базасында робототехника және роботтандыру бойынша инженерлік компетенция орталығы жасақталған болатын.  Орталық алдағы уақытта «Өнеркәсіп-4.0» жүйесінде жұмыс істейтін  кәсіби кадрларды даярлап, өндірісті автоматтандыруға үлес қосады.   Сондай-ақ ғылым, білім және отандық өнеркәсіпті бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік береді. Мұнда неміс команиясының 7 роботы қойылған. Аталған жобаны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Инновациялық технологиялар паркі» Автономды кластерлік қоры бірлесіп жүзеге асыруда.

«Digital Almaty 2025» стартап-аллеясында 80-нен астам жоба ұсынылды. Мұндай іс-шараларға қатысу стартаптар үшін ауқымды кеңейтуге, инвестиция тартуға және халықаралық нарыққа шығуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі