
1989 жылы шығыстану факультеті араб, қытай, парсы бөлімдері негізінде ашылды. Осылайша, елімізде алғаш рет парсы тілі университеттік деңгейде оқытыла бастады. Осы жылы иран бөліміне филология бағыты бойынша 8 студент, тарих бағыты бойынша 9 студент оқуға қабылданды. Алғашқы түлектер болғаны септігін тигізген де болар, олардың көбісі мамандықтары бойынша жұмыс жасап, мансап жолында үлкен жетістіктерге жетті. Солардың бірі - Әділбекова Жанар Әсетқызы. Осы жылдар аралығында Жанар Әділбекова төмендігідей еңбек жолынан өтті: 1994-2005жж. Иран Ислам Республикасының «IRAN-AIR» Ұлттық әуе компаниясының ресми қызметкері, 2008-2010жж. ЖШҚ «Амирабад Грейн Терминал Киш» Бас директоры, 2012-2015жж. Иранның ең ірі жекеменшік тасымалдаушысы «MAHAN-AIR» әуе компаниясының Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ресми өкілі, 2011-2018 жж. Қазақстан Республикасындагы жергілікті «Бек-Эйр», «Қазақ-Эйр» әуе компанияларындағы «шағым», «жолаушылармен жұмыс» және «Customer service» бөлімдерінің бас агенті, 2018-2022 жж. ҚР МКҚКО РМК орталығындағы «Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің» бас маманы қызметкері. 2022 жылдан осы уақытқа дейін ЖШС "Irkaz Metal Corporation" компаниясы жобалау бөлімінің бас маманы. Осы 31 жыл ішінде Жанар Әсетқызы еңбек жолын ирандық әуе компанияларынан бастап, бүгінгі таңда біріккен Иран-Қазақстан компаниясында жалғастырып отыр. Оның еңбек жолы шығыстану мамандығының аясы тар, шектеулі емес екендігін, біздің түлектеріміздің экономиканың сан түрлі саласында жұмыс істей алатынан көрсетеді.
Басқа жаңалықтар

