ТДМ 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсуFarabi University

ТДМ 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу

14 қаңтар, 2025

Қазақстандағы жоғары білімді дамытуға бағытталған Erasmus EduFusion NSG жобасы қатысушыларының бірінші кездесуі өтті

 

2025 жылдың 14-17 қаңтар аралығында Португалияның Порту қаласында Erasmus+ EduFusion Network for Sustainable Growth (EduFusion NSG) халықаралық жобасының алғашқы кездесуі өтті. Жобаның мақсаты – Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін жаңғырту, оны қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру және тұрақты экономикалық дамуға ықпал ету.

Іс-шараға Қазақстан, Португалия және Испаниядан 11 ұйымның өкілдері қатысты. Қатысушылар өз оқу орындары мен ұйымдарын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ 2024-2028 жылдар аралығында жобаны іске асыру жоспарларын талқылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бұл кездесуге бейорганикалық химия кафедрасының профессоры, х.ғ.д. Буркитбаев М.М., электроника және астрофизика кафедрасының меңгерушісі, PhD Сагидолда Е. және Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD Ханиев Б.А. қатысты.

EduFusion NSG – жоғары білім беру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды бастама, оның негізгі басымдықтары – инклюзивтілік, экологиялық тұрақтылық және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту.

Жоба Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкестендіруге бағытталған. Оның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – академиялық орта мен бизнес арасындағы ынтымақтастық платформасын құру. Бұл бастама бірлескен білім беру бағдарламаларын, тағылымдамаларды және кәсіпкерлік жобаларды әзірлеуді жеңілдетеді, ал ұзақ мерзімді перспективада ел экономикасының дамуына және Қазақстанның инновациялар саласындағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Еуропаның жетекші университеттерімен және ұйымдарымен серіктестік аясында қазақстандық жоғары оқу орындары оқытудың заманауи әдістеріне, цифрлық шешімдерге және тұрақты даму саласындағы үздік тәжірибелерге қол жеткізеді.