“Digital Almaty 2025” форумына қатысуFarabi University

“Digital Almaty 2025” форумына қатысу

9 ақпан, 2025

ТДМ 9 - «Өнеркәсіп, инновация, инфрақұралым». 2025 жылдың 31 қаңтары – 1 ақпаны аралығында э.ғ.д., профессор Сансызбаева Г.Н., э.ғ.к., доцент Аширбекова Л.Ж. және аға оқытушы Аметова Ж.А. Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум – Digital Almaty 2025шарасына қатысты.

Қатысу AP23487228 "Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект технологиялары: мәселелер мен перспективалары" жобасы аясында өтті. Форумда ЖИ-ді интеграциялау, цифрлық трансформация, киберқауіпсіздік, ESG, сондай-ақ GovTech, FinTech және Industry 4.0 дамыту мәселелері талқыланды.

Форумның басты оқиғалары:

  • Әлемдік сарапшылармен панельдік пікірталастар;
  • Цифрлық шешімдер көрмесі;
  • AI Synergy: мемлекет, бизнес және қоғам;
  • Startup Alley & Investor Hub – стартаптар және инвестициялар.

Digital Almaty 2025 – білім алмасу, серіктестік орнату, жаңа технологияларды таныстыру және цифрландыру перспективаларын талқылау алаңына айналды.