Farabi University

Ғылыми нәтижелерді жариялау үшін халықаралық журналды таңдау бойынша онлайн семинар өтеді

11 ақпан

Құрметті жас ғалымдар!

Сіздерді алдағы онлайн семинарымызға шақырамыз!

Спикеріміз – PhD, жетекші ғылыми қызметкер Жексенбек Тоқтарбай. Ол бірнеше халықаралық (Engineered Science Publisher) және отандық журналдардың редакциялық алқасының мүшесі. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің Инженерия мектебінде зертхана тобының жетекшісі болып қызмет атқарған.

Жексенбек Тоқтарбайдың ғылыми зерттеулері химия және материалтану саласына бағытталған. Оның негізгі ғылыми қызығушылықтарына өнеркәсіптік мономерлер негізінде жаңа тиімді флокулянттарды әзірлеу, сондай-ақ минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласындағы жаңа материалдар мен технологияларды зерттеу жатады.

Семинар тақырыбы: "Ғылыми нәтижелерді жариялау үшін халықаралық журналды таңдау"

Бұл семинарда сіздер отандық және халықаралық журналдарда ғылыми мақалаларды жариялаудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері және маңызды талаптарымен танысасыздар. Семинар жас ғалымдарға халықаралық деңгейде мақала жазу және табысты ғылыми жобаларды іске асыруға көмектеседі.

Іс-шара 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 15:00-де онлайн форматта Zoom платформасында өтеді.

Семинарға сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/79607164466?pwd=DLiQ0RYVk0oncRkxMs0ZC9N4K8jzhq.1

Барлық жас ғалымдарды белсенді қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастырушылар:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым департаменті мен Жас ғалымдар кеңесі.

Басқа хабарландырулар

24 ақпан-28 наурыз

ҚазҰУ-да «Әл-Фараби 2025» халықаралық олимпиадасы өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан, ТМД елдері, сондай-ақ таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Әл-Фараби 2025» халықаралық олимпиадасын өткізеді.

20 ақпан

Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге арналған сессия өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету: академиялық тәсілдер мен инновациялық шешімдер» сараптамалық стратегиялық сессиясын өткізеді.

11 ақпан