- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (2025 жылдың 3-5 сәуір аралығы)
«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (2025 жылдың 3-5 сәуір аралығы)

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті 2025 жылдың сәуір айының 3-5 күндері аралығында өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қатыса алады.
Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерге 2025 жылдың 3-5 сәуір айының аралығында ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалатын болады.
Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы аясында ҚазҰУ-ң Ақпараттық технологиялар факультетінде келесі бөлімдер жұмыс істейді:
№ р/н |
Бөлімдердің атауы |
Жауапты тұлғаның аты-жөні |
Байланыс мәліметтері ұялы тел. нөмірі, эл.пошта |
|
Ақпараттық технологиялар факультеті |
||
|
Жасанды интеллект және деректер туралы ғылым: заманауи тәсілдер мен технологиялар |
Сарсембаева Талшын Сағдатбекқызы |
+77075703630 |
|
Интеллектуалды басқару жүйелері және автоматтандыру: смарт технологияларға арналған шешімдер |
Болтабоева Асия Кобландықызы |
+7 775 103 6456 |
|
Киберқауіпсіздік и криптология |
Байспай Гулшат Болатқызы |
+7 701 869 2015 |
|
Компьютерлік ғылымдар мен инженериядағы заманауи тенденциялар |
Мұханбет Ақсұлтан |
+77470924215 mukhanbetaksultan0414@gmail.com |
|
Интеллектуалды ақпараттық жүйелердегі математикалық әдістер мен машиналық оқыту |
Шормакова Асем Ноябревна |
+7 708 610 3207 |
Қосымша
«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының баяндамаларын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Тезистің жалпы көлемі 2 беттен аспауы керек (графика, кесте немесе фотосуреттер болған жағдайда 3 бет);
- Microsoft Word 2010 және одан жоғары;
- Беттің параметрлері: жоғарғы жол – 2 см, төменгі жол – 2 см, сол жақ – 2 см, оң жағы 2 см;
- Қаріп Times New Roman, KZ Times New Roman; қаріп өлшемі – 12 pt;
- Жоларалық интервал дара; абзацтық шегініс – 1 см; кітаптық бағдарлау; бет колонтитулдары және қоюларсыз; мәтін ені бойынша тегістелген;
- Тезистерге қосымша файлда авторлар туралы ақпараттар болуы керек (қатысуға өтінім); файл атауы өзіңіздің аты-жөніңізбен жазылуы тиіс.
Конференция ұйымдастырушылары жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырмайтын, конференцияның негізгі бағыттарынан тыс жасалған баяндамаларды қабылдамауға құқығы бар. Мәтін стилистикалық және техникалық жағынан түзетілген болуы тиіс. Ұйымдастыру комитеті баяндама мәтіндеріне редакция жасамайды. Бір адам екі реттен артық автор немесе қосалқы автор бола алмайды.
Қатысу шарты:
Конференцияға қатысушылар тиісті секция бойынша электронды адреске 2025 жылдың 16 наурызына дейін:
- Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес баяндама мәтінін;
- Конференцияға қатысуға өтінішті жіберулері қажет.
Жоғарыда көрсетілген пункттердің бірі болмаған жағдайда материалдар жарияланымға қабылданбайды.
Өтініш формасы:
Аты-жөні (толығымен): ____________________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны: ___________________________________________________
Қызметі, ғылыми дәрежесі (студент үшін – курс): _______________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________________
Электрондық поштасының мекен-жайы (E-mail): _______________________________
Жарияланған материалды жібере алатын пошталық мекен-жайы:
_________________________________________________________________________
Конференция бөлімі: ______________________________________________________
Ауызша байланыс немесе стендтік көрсетілім: _________________________________
Есепті көрсетуге талап етілетін техникалық құралдар: ___________________________
Студенттер үшін – жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі
Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды.
Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Басқа жаңалықтар

