Білім беру жолындағы серіктестік
.jpg)
2025 жылы 13 ақпан күні Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы "Қазақстан мен Қытайдың білім беру саласындағы өзара ынтымақтастығы" атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласындағы Қытай Бас консулдығының білім беру жөніндегі консулы Хуан Сяоминь, ғылым жөніндегі консулы Чжан Вэй және шетелдік компания өкілдері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ҚХР солтүстік - батыс политехникалық университеті (СҚПУ) филиалының қызметкері Тан Мэнень қатысты. Дөңгелек үстелді Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Сартаев Спатай Алтынбекұлы ашып берді. Кафедра меңгерушісі Айтбаева Бақыт Манатқызы өз баяндамасында кафедра тарихымен, ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарымен таныстырып өтті. Дөңгелек үстел барысында қонақтар сөз сөйлеп екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытып, өзара серіктестік жолындағы іс-шараларды жалғастыру жөнінде мәдени диалог болды. Бұл - университетіміздің тұрақты даму мақсаттарының 17 және 4 бағытына сай жасалған шаралардың бірі.
Басқа жаңалықтар


