- Басты бет
- Ғылым
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры Д.Ж. Ахмед-Закимен кездесу
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры Д.Ж. Ахмед-Закимен кездесу

14 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Химия және химиялық технология факультетінің ғалымдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Закимен кездесті.
Кездесу барысында, университеттер арасындағы ғылым мен білім берудегі ынтымақтастық туралы талқыланды. Бірлесе отырып, инновациялық дамуға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асырып, докторанттар дайындау мәселелері де айтылды.
Қазіргі уақытта 21 мамандық бойынша, үш деңгейлі білім беріп жатқан университеттің Химия және химиялық технология факультетінің деканы А.К. Галеева ғылыми-зерттеу лабораторияларымен таныстырды.
Дархан Жұмақанұлы біздің ғалымдарды химиялық технологиялар саласына қатысты жаңалықтар талқыланатын Хакатон шарасына қатысуға шақырды. Сондай-ақ, болашақта екі университет арасындағы бұл ынтымақтастық - жаңа ғылыми жетістіктерге бастар жол болатынына кәміл сенетіндігі туралы айтты.
Басқа жаңалықтар

