Түркияның экс-премьер-министрі Бинәлі Йылдырым көшбасшылық дәрісіFarabi University

Түркияның экс-премьер-министрі Бинәлі Йылдырым көшбасшылық дәрісі

17 ақпан, 2025

  

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түркияның экс-премьер-министрі Бинәлі Йылдырым көшбасшылық дәрісін оқыды. Аталған дәріске Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамынан Мира Рашидқызы да қатысты.Дәрісте Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы, түркі мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық және білім беру байланыстарының дамуы талқыланды. Бинәлі Йылдырым көшбасшылық дәрісте Қазақстан мен Түркияның экономика, сауда, білім беру, өнеркәсіп салаларындағы тығыз достық қарым-қатынастардың қалыптасқаны жайлы айтты. «Біз түркі мемлекеттері ұйымдары аясында сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың зор әлеуетін көріп отырмыз. Мысал ретінде түркі мемлекеттерінің сыртқы сауда қатынастарын келтіруге болады. Бұл экономикалық ынтымақтастықты дамытуды қаншалықты ынталандыратынын көрсетеді. Бірақ экономика – бұл көріністің бір бөлігі ғана. Байланыстарды шынайы нығайту үшін біз бір-бірімізді жақсы тануымыз керек. Бұл дегеніміз біз ортақ құндылықтарымызды, ең алдымен тілді, ғылымды және білім беруді дамытуымыз керек» – деп атап өтті Бинәлі Йылдырым. Кездесу пікір алмасумен аяқталып, қатысушылар сұрақтарына жауап алды.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті М.Р. Балтымова, 1-курс магистранты Жұбанов Б.