ТДМ "Сапалы білім беру" аясында жас ғалымдар кеңесінің кезекті ғылыми семинары өттіFarabi University

ТДМ "Сапалы білім беру" аясында жас ғалымдар кеңесінің кезекті ғылыми семинары өтті

18 ақпан, 2025

2025 жылғы 17 ақпан, дүйсенбі күні ТДМ "Сапалы білім беру" аясында Шығыстану факультетінің магистранттары мен докторанттарына арналған "Ғылыми мақалаларды дайындау және жазу барысында кездесетін мәселелер" тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинарды белгілі шығыстанушы ғалым, профессор Ким Герман Николаевич жүргізді. Іс-шара барысында ғылыми мақалалардың құрылымы, зерттеу әдістері, дереккөздерді дұрыс пайдалану, академиялық тіл мен стиль талаптары сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі ғалымнан пайдалы кеңестер алды.
Ғылыми семинар өте жемісті әрі пайдалы өтті деген сенімдеміз. Осындай мазмұнды кездесулер жас зерттеушілердің академиялық қабілеттерін арттырып, ғылыми жұмыстарын жетілдіруге септігін тигізетіні сөзсіз. 

Шығыстану факультетінің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы

Н.Н.Кайранбаева