ТДМ "Сапалы білім беру" аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми семинар өз мәресіне жеттіFarabi University

ТДМ "Сапалы білім беру" аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми семинар өз мәресіне жетті

18 ақпан, 2025

2025 жылдың 10-17 ақпаны аралығында ЕАР Білім министрлігі Ғылыми зерттеулер академиясы, Арабтану орталығы мен  Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімі  бірлесе ұйымдастырған "Жасанды интеллектіні араб тілін үйретуде қолданудың тиімді тәсілдері" атты халықаралық ғылыми семинар аяқталды. Профессор Абулфутух Сабри шетелдіктер ретінде шет тілін меңгеру барысында жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері мол екенін алға тартып, ЕАР Жоғарғы оқу орындарында білім беруде  ЖИ  қолдану тәжірибелерімен,  ЖИ технологияларын түсіндіретін бірқатар беделді сайттармен таныстырып өтті.

Ғылыми семинарға қатысқан ОПҚ және білім алушылар университетте ЖИ технологияларын қолдану туралы бірқатар мағұлматтарға ие болды. Арабтану бөлімінің оқытушы-профессорлары  алдағы уақытта ЖИ технологияларын шет тілін үйретуде  қолдану туралы алған білімдерін  тәжірибеде көрсетуді жоспарлап отыр. Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.