- Басты бет
- Жаңалықтар
- Баланың бас ұстазы – ата-ана»(ТДМ: Гендерлік теңдік) атты ата-аналарға арналған семинар өткізілді.
Баланың бас ұстазы – ата-ана»(ТДМ: Гендерлік теңдік) атты ата-аналарға арналған семинар өткізілді.

2025 жылы 17ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті,п.ғ.к. Б.Иманбекова,аға оқытушы А.Масимбаева және п.ғ.к., доцент Б. Аринованыңжетекшілігімен Философия және саясаттану факультетінің «8D01802 – «Әлеуметтік педагогика» мамандығының 1 курс докторанттары ұйымдастыруымен Талғар қаласындағы №25 мектеп-гимназиясында «Баланың бас ұстазы – ата-ана»(ТДМ: Гендерлік теңдік) атты ата-аналарға арналған семинар өткізілді.Аталған семинарға Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары мен докторанттары, аудандық полиция басқармасы, қоғам белсенділері, Талғар қаласының 42 мектебініңата-аналары, БАҚ өкілдері белсене қатысты.
Семинардың мақсаты:ата-ананың рөлі мен жауапкершілігіне, отбасындағы ұл бала мен қыз баланың тәрбиесіне назар аударту, тәрбиедегі ынтымақтастықтың маңыздылығын түсіндіру.
Семинар барысында қатысушылар отбасындағы ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі, ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер мен ынтымақтастыққа қатысты көзқарастарымен бөлісті. Тақырыпқа қатысты пікір алмасу мен іскерлік ойындардан кейін, мәселебойынша сауалнама өткізілді. Семинар соңында ата-анажауапкершілігін, отбасытәрбиесінің деңгейін көтерудіңтиімдіжолдары анықталды.
Нәтижесінде бақытты отбасының негізі отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын ізгілендіруде деген қорытынды жасалды.
Басқа жаңалықтар


