ҚазҰУ Әскери кафедрасының офицерімен кездесу: Ұрпақтар диалогыFarabi University

ҚазҰУ Әскери кафедрасының офицерімен кездесу: Ұрпақтар диалогы

18 ақпан, 2025

2025 жылдың 18 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде маңызды кездесу өтті. Әскери кафедраның офицері Қожахметов Хасен Қойшығараұлы 1 курс студенттерімен әңгімелесті. Кездесу патриотизм, азаматтық борыш және жастардың қазіргі қоғамдағы рөлі мәселелеріне арналды.

Офицер Қожахметов әскери қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, әскери дайындықтың маңыздылығы және әрбір азаматқа қажетті қасиеттер туралы айтты. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Бұл кездесу тарих факультетінің студенттері үшін маңызды оқиға болды, оларға әскери кафедрамен жақын танысуға және ел өміріндегі өз орындары туралы ойлануға мүмкіндік берді.