
1995 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ирантану бөлімін «шығыстанушы-тарихшы» мамандығы бойынша бітірген. 1993-1994 оқу жылында Иранда Тегеран университеті жанындағы халықаралық Деһхуда орталығында парсы тілінен стажировкадан өтті. Орта білім беру мектебін күміс медальмен тәмәмдаған. Еңбек жолын ҚазҰУ Азия және Африка елдерінің тарихы кафедрасының ассистенті болып бастады, «070003 – Жалпы тарих» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. Тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар. 2000 жылы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шақыруы бойынша Шығыстану кафедрасына жұмысқа қабылданды. 2013-2019 жылдары ЕҰУ-да Халықаралық қатынастар факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдан бастап ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрлігі жанындағы Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының бас консультанты. 50-ден астам мақалалар мен аналитикалық жұмыстары бар. Scopus (2017, 2019) базасына кіретін журналда 2 мақаласы бар, шығыстанушыларға арналған "Ирандағы шиизм тарихы" оқу құралының авторы.
Басқа жаңалықтар

