Араб халқының ұлттық киімдері мен оқулықтар тарту етілді
14 ақпан, 2025

ТДМ "Тұрақты даму үшін серіктестік" аясында Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің студенттеріне ЕАР Білім министрлігі Ғылыми зерттеулер академиясының (Каир) Бас директоры Абулфутух Сабри Юнус араб (мысырлық) ұлттық киімдері мен оқулықтар тарту етті. Арабтану бөлімінде онлайн дәріс оқып келе жатқан профессор Абулфутух Сабри білім алушыларды араб тілімен қатар, әдебиетін, тарихы мен мәдениетін терең меңгеруге шақырды. Сондай-ақ, жыл сайын тамыры тереңде жатқан араб мәдениетінің күндерін факультетте ЕАР Ғылыми зерттеулер академиясымен бірлесе атап өту дәстүрін қалыптастыру туралы ойын ортаға салды.
Басқа жаңалықтар

11 наурыз, 2025

11 наурыз, 2025

11 наурыз, 2025