- Басты бет
- Конференция хабарландырулары
- 20.02.2025 ж. Сараптамалық стратегиялық сессиясының пресс-релиз
20.02.2025 ж. Сараптамалық стратегиялық сессиясының пресс-релиз
2025 жылдың 20 ақпанында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету: академиялық тәсілдер мен инновациялық шешімдер» сараптамалық стратегиялық сессиясын өткізеді.
Сессия – білім, ғылым және бизнес интеграциясы бойынша идеялар мен озық тәжірибе алмасуға арналған жыл сайынғы алаң.
Сараптамалық сессияның негізгі мақсаты – еңбек нарығы мен білім саласын үйлестіру жағдайында білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау мен дизайнға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы сапасын арттыру.
Міндет – сарапшылар мен жас ғалымдардың тәжірибе алмасуы және еңбек нарығының талаптарына негізделген инновациялық шешімдерді талқылау арқылы білім беру бағдарламалары дизайнына практикалық ұсыныстар мен тәсілдер әзірлеу.
Сараптамалық сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитеті мен Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының өкілдері, Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы сарапшылар, жұмыс берушілер, жас ғалымдар қатысады.
Жоспарланған панельдік сараптамалық сессиялар:
- Кадрларды даярлаудағы жетекшілік үшін университеттің білім беру бағдарламаларының портфелін жобалау.
- «Мамандығым – болашағым» – кадрларды алдын ала даярлау жобасы.
- Педагогтердің инклюзивке бағытталған дайындығы: жағдайы мен болашағы.
- Дуалды оқыту: мақсаттар, міндеттер, мәселелер және оларды шешу жолдары.
- Жоғары білім берудегі жасанды интеллект.
- Микробіліктілік: Қазақстандағы жоғары білім беруді трансформациялаудың жаңа жолдары.
Күтілетін нәтижелер
- Еңбек нарығының қажеттіліктерін болжауға және пәнаралық тәсілдерді интеграциялауға негізделген білім беру бағдарламаларының икемді портфелін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Болашақ мамандықтар мен олардың тиімділік критерийлерін ескере отырып білім беру траекторияларын жаңарту тетіктерін қалыптастыру.
- ҚР ЖЖОКБҰ-да инклюзивті білім беру моделін іске асыру үшін әдістемелік ұсыныстар ұсыну.
- ЖЖОКБҰ-ның жұмыс берушілермен өзара іс-қимылын нығайту үшін Жол картасын жобалау және дуалды оқытудың инфрақұрылымдық кедергілерін жою үшін ұсыныстар енгізу.
- Бейімделген курстарды, платформаларды және жекелендірілген оқыту траекторияларын енгізуді қоса алғанда GenAI-ді білім беру сапасын жақсарту үшін қолданудың басым бағыттарын анықтау.
- Білім беру бағдарламаларына микро біліктілікті енгізудің жаңа стандарттары мен оларды жұмыс берушілердің тану тетіктерін қолдану.
Cараптамалық стратегиялық сессиясын өтетін орын: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Әл-Фараби кітапханасы.
Пленарлық отырыстың басталуы: 20 ақпан 2025 ж., сағат 10:00.
Панельдік сессиялардың басталуы: 20 ақпан 2025 ж., сағат 14:00.
Cараптамалық сессиясының жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Басқа жаңалықтар