«Аударматанудағы заманауи тенденциялар және жасанды интеллект» жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми дөңгелек үстелі — ҚазҰУ

«Аударматанудағы заманауи тенденциялар және жасанды интеллект» жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми дөңгелек үстелі

15 қазан 2026
«Аударматанудағы заманауи тенденциялар және жасанды интеллект» жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми дөңгелек үстелі

          16 қазанда  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультетінде, дипломатиялық аударма кафедрасының  аға оқытушылары Жумалиева Ж.К. және Өтепова А.М.   ұйымдастыруымен  «Аударматанудағы заманауи тенденциялар және жасанды интеллект» жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми дөңгелек үстелі өтті.  

Дөңгелек үстелдің мақсаты  -  жасанды интеллект дәуіріндегі аударматанудың заманауи тенденцияларын талқылау және  ЖИ-дің аудармашының кәсіби қызметіне әсерін талдау, сондай-ақ аударма саласындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болды. Дөңгелек үстелге тәжірибелі аудармашылар  мен шетелдік жоғары оқу орындарының аударматану саласындағы зерттеушілері, атап айтқанда «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық гуманитарлық ұйымының Қазақстандағы бөлімшесінің аудармашысы Кәділ Қырмызы; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аударма ісі магистрі, “Power China” электр станцияларының құрылысы саласындағы халықаралық компаниясының аудармашысы Гүлназ Бауыржан; қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша терминдер сөздігінің авторы, аудармашы Серғазы Еркеш  және  “Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма” мамандығының магистранттары мен студенттері қатысты.