- Басты бет
- Ғылым
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКІТАНУШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «NEOTÜRK: ҒАСЫРЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСЫНДА»
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКІТАНУШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «NEOTÜRK: ҒАСЫРЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСЫНДА»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКІТАНУШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
«NEOTÜRK: ҒАСЫРЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСЫНДА»
2025 жылдың 7 -8 сәуірінде Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан) бірлесіп, жас түркітанушы ғалымдар, докторанттар мен магистранттар және студенттерге арналған «NEOTÜRK: ҒАСЫРЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСЫНДА» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізеді. Конференция Әл-Фараби бабамыздың 1155 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Осы орайда жас ғалымдарды түркі әлемінің бай мұрасын зерттеуге, жаңалықтар ашуда өз үлестерін қосуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты – түркі халықтарының тілі, тарихы мен мәдениетін зерттеуге жас ғалымдарды жұмылдыру; түркітану ғылымының жаңа бағыттарын анықтау және өзекті мәселелерді талқылау; ғылыми ізденістері бар жас зерттеушілерге өз жұмыстарын таныстыру мүмкіндігін ұсыну; түркі халықтарының ортақ рухани құндылықтарын насихаттау және заманауи зерттеу әдістерін қолдану. Сондықтан, конференция – жас зерттеушілердің түркітану ғылымындағы өзекті мәселелерді талқылап, жаңа идеялар ұсынуына, ғылыми байланыстар орнатуына және тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша ұйымдастырылады:
ФИЛОЛОГИЯ СЕКЦИЯСЫ:
• Асқар Құрмашұлы Егеубаев орта ғасыр ескерткіштерін зертеуші ғалым
• Түркі жазба ескерткіштері: мәтінтану және аударма мәселелері
ТАРИХ СЕКЦИЯСЫ:
• Түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасы ғасырлар тоғысында
• Махмуд Қашғари және түркі әлемі
ШЫҒЫСТАНУ СЕКЦИЯСЫ:
• Түркия және жаһандық үдерістер: тіл, тарих және мәдениет.
КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР:
• Белгілі түркітанушы-ғалымдардың TEDx форматындағы мотивациялық-шабыттандырушы дәрістері
• «Түркі мұрасы: жаңа зерттеулер» атты постерлік баяндамалар көрмесі
• Зерттеу әдістемелері бойынша шеберлік сабақтары
Тіркелу уақыты: 09.30-10.00
Өтетін уақыты: 10.00 – 18.00 (Астана уақыты)
Өтетін мекенжайы: Фараби кітапханасы 4 қабат, 416 зал.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБ
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың ғылыми еңбектері электронды жинақ түрінде жарық көреді. Жинақтағы барлық мақалалар ғылыми жинақ ретінде шығарылып, электронды кітапханаға орналастырылады. Жариялау мәселесі бойынша соңғы шешімді ұйымдастыру комитеті қабылдайды. Сараптамадан өтпеген материалдар авторларға қайтарылмайды.
ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРАТЫН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ – конференцияға жіберілетін материалдар емле ережесіне сай жолдану керек.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ және басқа түркі тілдері, ағылшын, орыс.
Баяндама уақыты – 10 минут, сұрақ-жауап – 5 минут.
МАҚАЛА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ РӘСІМДЕЛЕДІ
1) Мақаланың сол жақ бұрышына ҒТАМР (МРНТИ) қойылады (11 шрифт);
2) Бір пробелден соң мақаланың оң жақ бұрышына қою шрифтпен аты-жөніңіз, қала аты, мемлекет аты жазылады; магистрант, докторанттардың аты-жөні ғылыми жетекшісінің аты-жөнімен бірге жазылады (11 шрифт);
3) Бір пробелдан соң үлкен қою шрифтпен мақала атауы жазылады (12 шрифт);
4) Түйіндеме (көлемі – 100 сөз) екі тілде (мақаланың жазылған тілі және ағылшын) беріледі (11 шрифт);
5) Түйін сөздер (5 сөз, сөз тіркесінен аспасын) қойылады;
6) Бір пробелдан соң толықтай мақала мазмұны (5-6 бет) қойылады (12 шрифт);
7) Мәтін ішіндегі сілтемелер тікжақшамен бірінші сан әдебиеттер тізімі нөмерімен, екінші сан бетімен [1, 15], [1, 15-17] көрсетіледі;
8) Бір пробелдан соң әдебиеттер тізімі қойылады (10 шрифт). Әдебиеттер тізімі ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған пайдаланылған дереккөздерді безендіру талабына сәйкес беріледі.
Ұйымдастыру комитеті жиналған материалдардың ішінен мақалаларды іріктеуге құқылы. Баяндама мақалалары тақырып өзектілігі, әдістеме және теориялық база нақтылығы, сонымен қатар зерттеудің ғылыми құндылығы тұрғысынан бағаланады.
Мақаланың толық нұсқасы мен қатысушы формасын толтырып, 2025 жылдың 20 наурызға дейін келесі электронды поштаға жіберілуі тиіс:
ФИЛОЛОГИЯ СЕКЦИЯСЫ: be_ed98@mail.ru
ТАРИХ СЕКЦИЯСЫ: suinova.a0808@gmail.com
ШЫҒЫСТАНУ СЕКЦИЯСЫ: nuratkz01@gmail.com
Сұрақтар бойынша байланыс: Дәулет Айгүл Уәлибайқызы, +7702-914-55-74
ҮЛГІ
Қатысушы формасы*
Автордың аты-жөні
Қызметі, ғылыми атағы мен дәрежесі
Жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы
Қосалқы авторлардың аты-жөні
Қосалқы авторлардың жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы
Мақала атауы (екі тілде: мақала тілінде және ағылшын тілінде)
Бағыт атауы
Баяндамашының техникалық қамтамасыз ету ұсынысы (қажет жағдайда)
Телефон нөмірлері
Е-mail
*Студент, магистрант, докторант (ғылыми жетекшілерімен бірге) қазіргі оқу жылын көрсетуі керек.
Мысалы, студент (магистрант, докторант) 3 курс
Ізгі тілекпен,
Ұйымдастыру комитеті
Басқа жаңалықтар

